«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК 2024 жылдың 20 тамызында «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК базасында «Digital KAZAKHSTAN: жаңа шындықтағы білім» Қарағанды облысының педагог қызметкерлерінің облыстық тамыз конференциясы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының оқу жұмысы, оқу-өндірістік жұмысы, кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасарларының секциялық отырысын өткізді.
Секциялық отырыстың тақырыбы – «Цифрландыру, білім берудегі жасанды интеллект. 2024 - 2025 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру туралы».
Секциялық отырыс аясында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары, әдіскерлері мен облыс колледждерінің жетекші педагогтерінің баяндамалары ұсынылды.
Келесі сұрақтар қаралды:
- 2024-25 оқу жылында білім беру процесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.;
- «Барлығына қолжетімді сапалы білім беру» ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша Жол картасының міндеттерін орындаудың аралық қорытындылары мен перспективалары туралы;
- техникалық және кәсіптік білім берудің цифрлық трансформациясы. ТжКББ-де цифрландыруды дамыту перспективалары;
- «IT PROFI» жобасы - Қарағанды облысының колледждерінде ішкі цифрландыруды жеделдету құралы;
- Шахтинск технологиялық колледжінің базасында «Digital Skills» байқауын ұйымдастыру және өткізу;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін оқу процесін ұйымдастыру;
- кредиттік-модульдік форматтағы білім беру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде силлабустарды әзірлеу;
- колледждер базасында студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту перспективалары;
- оқу-өндірістік процесті басқару цифрлық шешімдерді қолдану арқылы басқару;
- 2024-2025 оқу жылында кәсіби шеберлік байқауларының облыстық кезеңдерін өткізу туралы.
Сондай-ақ секциялық отырыс барысында Свердлова Е.А., «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары және Абдрахманова С.В., арнайы пәндер оқытушысы «Білім берудегі жасанды интеллект. Сабақтарды жоспарлауға ЖИ енгізу, презентациялар, тесттер құру, студенттердің жұмысын нейрондық желі арқылы тексеру: Оқу процесінде ChatGPT, Gamma, Mathway, Qalan қосымшаларын қолдану» тақырыбы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.