2024 жылдың 03 қыркүйегі күні Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, «Жаһандық құзыреттер» курсын үйлестіруші әдіскерлер, білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың орынбасарлары, және педагогтер үшін 2024-2025 оқу жылында «Жаһандық құзыреттер» курсын оқыту ерекшеліктері туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Барлығы 500 педагог қатысты.
Жұмыс барысында келесі мәселелер қарастырылды:
ü «Жаһандық құзыреттер» курсын оқытудың 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары;
ü Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып «Жаһандық құзыреттер» курсында қарастырылатын бөлімдердің мазмұны;
ü Курсты оқытудың әдістемелік қамтамасыз етілуі