Әдістемелік кабинеттер меңгерушілеріне, менторларға, Нысаналы мектеп директорларына арналған кеңес
13-09-2024 18:43
Әдістемелік кабинеттер меңгерушілеріне, менторларға, Нысаналы мектеп директорларына арналған кеңес

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 13 қыркүйегінде әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, оқу-әдістемелік орталықтың әдіскер-менторлары, білім бөлімдері, нысаналы мектеп директорлары үшін кеңес өткізді.

Кеңес барысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшысы Абдикерова Бакиткул Хималдиновна «Мектептегі білім беру сапасының менеджменті: стратегиядан практикаға» атты мектеп басшыларына арналған үш күндік семинарды ұйымдастыруға және өткізуге тоқталды.

Жұмыс тәжірибесімен алмасу және проблемалық аймақтарды анықтау мақсатында Нұра ауданы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің және Балқаш қаласы Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатының портреттері тыңдалды. Сөз сөйлеу барысында Асланбек Уәлиханұлы Оспанов пен Перизат Серікбайқызы Жамшыбаева мектептерде жүргізіліп жатқан жұмыстар мен мектеп педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету туралы айтып берді. Сөз сөйлеу қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.