Семинар «Цифрлық сауаттылық»
20-09-2024 18:54
Семинар «Цифрлық сауаттылық»

2024 жылдың 20 қыркүйек  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы «Алматыкітап баспасы», «Арман-ПВ» баспаларымен бірлесіп әдістемелік көмек көрсету мақсатында ZOOM конференциясында  «Информатика» пәні педагогтеріне арналған «Цифрлық сауаттылық оқулығы бойынша » онлайн-семинар өткізді.

Семинар барысында келесі мәселелер талқыланды:

  •  «Цифрлық сауаттылық» оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны.
  • TopIQ платформасында «Цифрлық сауаттылық» электрондық оқулықтарын білім беруде пайдаланудың тиімділігі.

Семинарға Қарағанды облысының 180 педагогы қатысты.