Размер шрифта:
2016 жылдың 12 сәуірінде экономика сабақтарын он-лайн режимде өткізу жоспары бойынша, Қарағанды қаласының «№45 гимназиясы» КММ 5 А сыныбында «Экономикадағы тұтынушы. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» тақырыбында ашық сабақ өтті.
12-04-2016 13:15

      Сабақ мақсаты оқушыларда тұтынушы туралы ұғымды экономиканың орталық тұлғасы ретінде қалыптастыру үшін жағдай жасау болды. Оқушылар «Тұтынушының құқықтары туралы» Заңның баптарымен танысты және сабақ барысында ертегі кейіпкерлеріне сапасыз тауарды сатып алуда өз құқықтарын қорғауға көмектесті. Тұлғалық-дамытушы бағыт жұмысқа эмоционалды икемделу, қызмет түрлері (тест жазу, постерде топпен жұмыс жасау, аппликация), сонымен қатар жұмыстың әртүрлі формалары арқылы жүзеге асырылды.

     Оқушыларға ұсынылған барлық тапсырмалар, олардың психоэмоционалдық аясын – зейіндерін, ойлау, аналитикалық және бағалау қызметтерін атқару қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғызды және деңгейлі мұғалімдердің дайындық Бағдарламасының негізгі модульдеріне сәйкес болды. Рефлексия жүргізу барысында балалардың 100% сабаққа оң баға берді және сабаққа өздерінің белсенді қатысқандарын айтты.