Размер шрифта:
«МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ» МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
27-09-2024 11:48
 «МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ» МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНА  АРНАЛҒАН СЕМИНАР

      2024 жылғы 25-27 қыркүйек аралығында «943 – еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» республикалық жобасын жүзеге асыру аясында облыстағы 84 нысаналы мектеп басшыларына «Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан тәжірибеге» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың мақсаты: тұрақты білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін сапа менеджменті саласында мектеп басшыларының басқару құзыреттілігін дамыту.

Үш күнге жоспарланған семинарды Білім басқармасы, Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы» АҚ және Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Онлайн семинарды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты» директоры Жетпісбаева Мейрамгүл Асылбекқызы нысаналы мектеп педагогтерінің базалық курс бойынша қашықтықтан оқытудың барысы туралы ақпаратпен таныстырды.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшысы Абдикерова Бакиткул Химальдиновна нысаналы мектептердің қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелеріне тоқталып, білім беру мониторингін ұйымдастыру және бақылау іс-шараларына дайындық бойынша түсініктемелер берді, оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың қолданыстағы жүйесін зерттеу нәтижелері бойынша талдамалық есепті көрсетті.

Қарағанды облысы Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Акпарова Шынар Куанышовна қатысушыларға нормативтік-құқықтық құжаттардағы өзгерістер туралы айтып, мектеп қызметінің сапасын басқару, олардың қағидаттары мен әдістері, сапаны қамтамасыз ету құралдары мен бақылау рәсімдеріне тоқталды.  

Үш күнге созылған семинар барысында мектепті дамыту бағдарламаларына талдау жүргізіліп, проблемалар анықталды, әлсіз жақтарын диагностикалау әдістері мен төмен нәтижелердің себептері қарастырылды, мақсаттарға жету және мектепті дамытуды жоспарлау мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді анықтау үшін SWOT талдау жүргізілді,

тиімді кері байланысты ұйымдастыру мәселелері қаралды, мектепті ішкі және сыртқы бағалаудың ерекшеліктері және мектептің даму стратегиясындағы ата-ананың рөлі, сапаны қамтамасыз ету, мониторинг және бағалау принциптері мен әдістерін ұйымдастыру мәселелері талқыланды, мектепішілік бақылаудың міндеттері мен механизмдері, мектеп басшыларына арналған жұмыс дәптері және жұмыстарының талдау алгоритмі толтырылып, талданды.

Семинар соңында мектеп директорларына сертификаттар табысталды.