Құпиялық режимнен шыққан тапсырмалар негізінде оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша семинар
25-09-2024 18:20
Құпиялық режимнен шыққан тапсырмалар негізінде оқушылардың  оқу сауаттылығын дамыту бойынша  семинар

   2024 жыл 25 қыркүйек   Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне Құпиялық режимнен шыққан тапсырмалар негізінде оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша  семинар ұйымдастырды.

  Мақсаты: Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша  педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.

Семинар барысында әдіскер Г.Б.Жаркеева халықаралық  зерттеулер туралы, халықаралық зерттеу нәтижелері бойынша талаптар мен түсініктер туралы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) 2030 жылға дейін білімді дамытуға арналған концептуалдық тұжырымдамасы туралы жалпы ақпарат беріп, түсіндіріп өтті.

  Қарағанды қаласы білім бөлімінің әдіскері А.Е.Қадыр Қарағанды қаласы білім беру ұйымдарындағы PISA зерттеулерінің нәтижесі бойынша ақпарат беріп, анықталған мәселелер бойынша ұсыныстар берді.

  Қарағанды қаласы «Ғ.Мұстафин атындағы ЖББМ» КММ мұғалімі Кенжетаева Г.М., Қарағанды қаласы «№53 мектеп – лицей» КММ       мұғалімі Уалибекова К.Б. оқушылармен оқу сауаттылығына бағытталған тапсырмалармен тиімді жұмыс түрлерін ықшам сабақ түрінде көрсетті. 

  Кері байланыс кезеңінде педагогтер өзара пікір алмасып, жалпы мәселелер бойынша ойларын ортаға салды.

   Семинарға 100-ге жуық педагог қатысты.