Нысаналы мектептерді дамыту аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтері мен 1-сынып мұғалімдеріне арналған бірыңғай кездесу күні
2024 жылдың 30 қыркүйек күні нысаналы мектептерді дамыту жобасын іске асыру аясында Абай ауданы «Жартас жалпы білім беретін мектеп» КММ де мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтері мен 1-сынып мұғалімдеріне арналған бірыңғай кездесу күні болып өтті.
Кездесу барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен бастауыш білім беру арасында сабақтастықтың нығаюы білім сапасының бір кепілі екендігі атап өтілді. Мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі баланың даму картасы мен оқушылардың 1 сыныптағы деңгейлері салыстырылып мәселелер анықталып, шешу жолдары ұсынылды. Мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары көрсетілді.