Орыс тілі мен әдебиет, шетел тілдерінің мұғалімдері үшін «Педагогтерді аттестаттау: портфолионы бағалау критерийлері» семинары
03-10-2024 15:41
Орыс тілі мен әдебиет, шетел тілдерінің мұғалімдері үшін  «Педагогтерді аттестаттау: портфолионы бағалау критерийлері» семинары

   Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 3 қазанда «Педагогтерді аттестаттау: портфолионы бағалау критерийлері» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.  Семинар барысында білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің меңгерушісі Айгуль Зейнулаевна Мұхамедьярова портфолионы бағалау критерийлерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, «Тәжірибені жалпылау және тарату» критерийіне ерекше назар аударды. Ол педагогикалық тәжірибені жүйелеу мен жалпылаудың және оны әріптестері арасында таратудың маңыздылығын атап өтті.

   Ксения Петровна Цой негізгі құжаттаманы жүктеу және портфолио құрастыру кезінде туындайтын қателіктерді қарастырды. Ол құжаттардың дизайны мен мазмұнына қойылатын барлық талаптарды дәл сақтау қажеттілігіне, сондай-ақ ақпараттың дұрыс ұсынылмауына байланысты жиі кездесетін мәселелерге назар аударды. Мұғалімдер аттестаттаудан сәтті өтуге көмектесетін маңызды ұсыныстар алды. Семинарға 2024-2025 оқу жылында аттестатталған 70 жуық орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері мұғалімдері қатысты.