«GEOINFO НАВИГАТОР» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
04-10-2024 17:55
«GEOINFO НАВИГАТОР» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 4 қазанда ZOOM платформасында онлайн режимде география мұғалімдеріне арналған «Geoinfo навигатор» жобасын іске асыру шеңберінде нетворкинг өткізді.

Нұра ауданының география пәні мұғалімдері И.З. Гүлмамедова «Ы Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ, Карина Ж.Е. «Қ. Шайменов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, Құланова Ж. «Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Нетворкинг қатысушыларына «География сабағында цифрлық білім беру ресурстары арқылы жоғары ақпараттық тұлғаны қалыптастыру» жасанды интеллектті пайдаланудың әдістемелік тәсілдері ұсынылды. Мұғалімдер интернет-ресурстарды пайдалану арқылы оқушылардың ойлау процесін ұйымдастырады, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға тапсырмалар көрсетті. Формативті бағалауды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

100 педагог қамтылды.