«Ғылыми жаңалықтар зертханасы» - мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту құралы ретіндегі зерттеу қызметі».
10-10-2024 17:36
«Ғылыми жаңалықтар зертханасы» - мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту құралы ретіндегі зерттеу қызметі».

      Қарағанды облысында жол картасын іске асыру аясында 2024 жылғы 10 қазанда Шахтинск қаласындағы «Салтанат» бөбекжайы базасында «Ізденімпаздар үшін керемет ғылым» жобасын іске асыру бойынша семинар-практикум өтті. Семинардың тақырыбы «Ғылыми жаңалықтар зертханасы» - мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту құралы ретіндегі зерттеу қызметі». болды. Семинарға Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен 40 педагог қатысты. Іс-шара Қарқаралы, Ақтоғай, Бұқар Жырау аудандарының, сондай-ақ Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран және Шахтинск қалаларының мектепке дейінгі ұйымдарының директорларын, әдіскерлерін, тәрбиешілерін біріктірді.  

 Семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған білім беру ортасындағы маңызды іс-шараға айналды. Қатысушылар зерттеу қызметінің негізгі аспектілерімен, оның мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын, сыни ойлауын және тәуелсіздігін дамыту үшін маңыздылығымен танысты. Педагогтердің жұмыс тәжірибесінен эксперименттік қызметті ұйымдастырудың негізгі тәсілдері, нысандары мен әдістері қарастырылды, сондай-ақ табысты педагогикалық іс-әрекеттің практикалық бағыттары айтылды. Семинар соңында педагогтерге рефлексия түрінде кері байланыс беріліп, жобада одан әрі жұмыс істеу бойынша ұсыныстар анықталды.