Әдістемелік кабинеттер меңгерушілеріне, менторларға, нысаналы мектептер директорларына арналған кеңес
08-10-2024 17:50
Әдістемелік кабинеттер меңгерушілеріне, менторларға, нысаналы мектептер директорларына арналған кеңес

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылы 8 қазанда әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім бөлімдері мен оқу-әдістемелік орталықтың әдіскер-менторларына, нысаналы мектептердің директорлары үшін кеңес өткізді.

Кеңес барысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшысы Әбдікерова Бакиткул Хималдиновна нысаналы мектептердің жеке портреттерін, мәселелері мен шешімдерін әзірлеу бойынша, Ы. Алтынсарин Академиясы ұсынған ұсыныстарға тоқталды. Сондай-ақ, Бакиткуль Хималдиновна Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық білім беруді зерттеу және бағалау орталығының мақсатты мектептердің білім алушыларына сыртқы бағалауды ұйымдастыру және өткізу бойынша мектеп педагогтеріне арналған негізгі курстың білім беру бағдарламаларын өткізу кестесімен және мазмұнымен таныстырды.