«Жас сақшы» полиция сыныбының ресурстық орталығының ашылуы
11-10-2024 18:59
«Жас сақшы» полиция сыныбының ресурстық орталығының ашылуы

    2024 жылдың 11 қазанында Қарағанды облысының білім басқармасының қолдаумен оқу-әдістемлік орталығы Қарағанды қаласының Ж.Ақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында «Жас сақшы» полиция сыныптарына жетекшілік ететін педагогтерге арналған ресурстық орталық ашты. Орталық құқықтық тәртіпті сақтау, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, әлеуметтік жауапкершілік, дене шынықтыру және спорт лидерлік дағдыларын дамыту, қауіпсіздік мәдениетін, жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында ашылды.

         Іс-шара барысында Қарағанды облысының полиция депатаментінің тәрбие және кадрлік бөлімінің басшысы Г.Ж.Дильмаганбетов, «Академик Е.А. Бөкетов ат. ҚарУ» Заң факультетінің деканы А.М. Серикбаев, Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының бастығы полиция генерал-майоры С.А. Әділов ресурстық орталығының жұмысына әдістемелік қолдау беретіндігін айтты.