Құпиялылық режимінен шыққан тапсырмалар негізінде жаратылыстану -ғылыми сауаттылығын дамыту бойынша нетворкинг
21-10-2024 17:48
Құпиялылық режимінен шыққан тапсырмалар негізінде жаратылыстану -ғылыми сауаттылығын дамыту бойынша  нетворкинг

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 21 қазанда құпиялылық режимінен шыққан тапсырмалар негізінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту бойынша география мұғалімдеріне арнап нетворкинг өткізді.

Мақсаты: Құпиялылық режимінен шыққан тапсырмалар негізінде білім алушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар жасау кезінде педагогтарға әдістемелік көмек көрсету.

Нетворкинг барысында облыстың география пәнінің жетекші мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті, Жанар Шакизадаевна Досмуратова, Теміртау қаласының «Ә. Бөкейханов атындағы гимназия» КММ және Татьяна Владимировна Зазуляк, Теміртау қаласының КГУ «№27 жалпы білім беретін мектебі», жаратылыстану-ғылыми сауаттылыққа бағытталған білім алушылармен жұмыстың тиімді нысандарын көрсетті. Педагогтар құпиялылық режимінен шыққан тапсырмаларды шешу жолдарын көрсетті.

Қамту 100 адамды құрады.