Озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату бойынша облыс колледждерінің әдіскерлеріне арналған вебинар
24-10-2024 12:01
Озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату бойынша облыс колледждерінің әдіскерлеріне арналған вебинар

      2024 жылдың 24 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімі колледж әдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберінде озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және трансляциялау бойынша вебинар өткізді.

Педагогтің ғылыми-әдістемелік жұмысы туралы әдіскерлердің білімін кеңейту мен тереңдету мақсатында ұйымдастырылған вебинарға 66 әдіскер мен директорлардың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы әдіскерінің қызметін жетілдіру» алғы сөзімен «Қарағанды облысыда білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшысының орынбасары Т.Г. Нартова сөз сөйледі.

Әрі қарай, бағдарламаға сәйкес, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері А.А. Кнашина қатысушыларды «Колледждердің әкімшілік құрамы мен әдіскерлерінің кәсіби дамуы» және «Педагогтердің кәсіби дамуы» бағыттары бойынша жұмыс жоспарымен таныстырды.

Вебинардың негізгі бөлімінде білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің басшысы А.З.Мухамедьярова «Тиімді педагогикалық тәжірибені жалпылау мен таратуды ұйымдастыру» тақырыбында сөз сөйлеп, педагогикалық тәжірибе ұғымы, озық педагогикалық тәжірибе критерийлері, педагог портфолиосының мазмұны мен құрылымы, педагогтер портфолиосын қалыптастыру кезінде жиі кездесетін қателіктер туралы толық ақпарат беріп, педагогтердің тәжірибесін жалпылау және тарату алгоритмін ұсынды.

Вебинар соңында «Сұрақ-жауап» рефлексиясы өткізілді, онда әдіскерлер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.