Құрметті әріптестер, біз сіздерге педагогикалық «Заманауи білім» журналының бірінші нөмірінің шығуы туралы хабарлауға асығамыз
31-10-2024 16:13
Құрметті әріптестер, біз сіздерге педагогикалық «Заманауи білім»  журналының бірінші нөмірінің шығуы туралы хабарлауға  асығамыз

      Журнал беттерінде педагогтердің педагогикалық және әдістемелік тәжірибесінің материалдары, педагогикалық технологияларды қолдану бойынша тиімді практикалар ұсынылады.

Ұсынылған тиімді жұмыс тәжірибесі үшін авторларға алғыс білдіреміз.

Журналдың электрондық нұсқасымен «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК ресми сайтында немесе https://umckrg.gov.kz/content/view/1/1165сілтемесі бойынша танысуға болады.

«Заманауи білім» журналының редакциясы педагогтерді зерттеу қызметі (практиканы зерттеу) негізінде педагогикалық практиканың нәтижелерін журнал беттерінде бөлісуге шақырады.

Қазіргі уақытта журналдың келесі нөміріне материалдар (2024 жылдың 30 желтоқсанына дейін) қабылдануда. Мақалаларды рәсімдеу ережелерімен сіз https://umckrg.gov.kz/content/view/1/1163сілтеме бойынша таныса аласыз.

Материалдарды ресімдеуге байланысты сұрақтар туындаған жағдайда 8(7212)25-69-29 телефоны арқылы хабарласуға болады.