МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КҮЗГІ МЕКТЕБІ
01-11-2024 18:13
МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КҮЗГІ МЕКТЕБІ

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2024 жылдың 28 қазан – 01 қарашасы аралығында математика пәнінің мұғалімдері үшін Күзгі мектеп жұмысы ұйымдастырылды.

Күзгі мектеп аясында математика пәнінің мұғалімдеріне «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында шеберлік сыныптар өткізілді. Шеберлік сынып барысында математикалық сауаттылыққа негізделген келесі тапсырмалар қарастырылды: «Автокөлік сатып алу», «DVD дискілерін сату», «Үшбұрышты фигура», «Көзілдірік», «Орман алқабы» және т.б. тапсырмалар. Барлығы облыс бойынша 1000-ға жуық математика пәнінің мұғалімдері қатысты.