«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМИ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» тақырыбында КҮЗГІ МЕКТЕП
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 1 қараша күні биология пәнінің мұғалімдеріне Күзгі мектеп аясында «Жаратылыстану ғылыми сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында шеберлік сыныптар өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты.
Шебер сынып барысында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
- Онербекова Жаухар Сериковна, биология пәнінің мұғалімі «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ (Мастер-классы по заданиям вышедший из конфидициальности международного исследования PISА);
- Ашманова Дана Владимировна, биология пәні мұғалімі Қарқаралы ауданы «А.Ермеков атындағы ЖББМ» КММ (Развитие памяти с помощью приёмов мнемотехники на уроках биологии);
- Нурпеисова Кунсулу Алимовна биология пәні мұғалімі, Шахтинск қаласы «Бөкейханов атындағы мектеп-лицей» КММ (Ұлттық құндылықтар және функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар);
- Султанбекова Гульдархан Зарлыковна, биология пәнінің мұғалімі, Шет ауданы «Ш.Батталова атындағы ТМ (РО)» КММ (Z пен А ұрпақтарымен цифрлі технологияларды қолдану).





umc-ro@umckrg.gov.kz

