Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Қарағанды облысының үздік туристік бағыты» жобаларының қашықтықтан облыстық конкурсы
31-10-2024 18:45
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Қарағанды облысының үздік туристік бағыты» жобаларының қашықтықтан облыстық конкурсы

      2024 жылдың 31 қазанында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын («Қамқор» жобасы) іске асыру аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Қарағанды облысының үздік туристік бағыты» жобаларының қашықтықтан облыстық конкурсы өткізілді. Байқау «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК, «Қазтұтынуодағы ҚарУ экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖМұйымдастыруымен өтті.

Конкурстың мақсаты: табиғи объектілерді, тарихи және мәдени мұраны насихаттау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, сондай-ақ ТжКОБ студенттері арасында Қарағанды облысының туристік әлеуетін дамыту.

«ТУРИЗМ — туған жерді тану тетігі» тақырыбында «Қазтұтынуодағы ҚУ экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖММ директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Оспанова Гульнара Сериковнаалғы сөз сөйледі.

Байқауға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Барлығы 19 жұмыс қабылданды.

Ұйымдастарушылардың жетекшілігімен жұмыс жасаған тәуелсіз әділқазыларбайқауға ұсынылған жұмыстарды тиянақты қарап, қорытындысын шығарды.

Байқау бес бағыт бойынша өтті:

1. Үздік қалалықбағыт;

2.Үздік танымдық бағыт;

3. Демалыс күндерінің ең үздік бағыты;

4. Үздік спорттық бағыт;

5.Үздік экологиялық бағыт;

Байқау қорытындысы бойынша, жеңімпаздар анықталды:

1 орынСергеенко Матвей Денисович, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Кадин Ербол Зекенович;   

2 орынЛим Максим Владимирович, Тихонов Егор Алексеевич, «Теміртау индустриалды-техналогиялық колледжі» КМҚК студенттері, жетекшісі Свинцова Ирина Викторовна;

3 орынЗюмченко Данил Ильич, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісіЛетяга Виктория Наильевна.

Іс шара барысында жеңімпаздардың бейнебаяндары көрсетілді.

Қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.