«Ұлттық ойын – баланың бүгіні мен болашағы»
Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен және Қарағанды облысының мектепке дейінгі білім беру қызметкерлері қауымдастығының жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 5 қарашасында Қарағанды қаласының «Ақбота» бөбекжайында жас мамандармен офлайн форматта «Ұлттық ойын – баланың бүгіні мен болашағы» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті. Іс-шарада тиімді жұмыс түрлері қолданылды: «кейс – стади», «тимбилдинг», «ойындар-тренинг», жас мамандар бірлесіп жұмыс істеуді, алған білімдерін іс жүзінде бекітуді, бірнеше мақсатқа бір мезгілде қол жеткізуді үйренді. Семинардың басында қатысушыларды оқу-әдістемелік орталық әдіскері Бугубаева Алмагүл Даниярқызы, Қарағанды облысының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтері қауымдастығының «Өркен» төрайымы Сүлейменова Ләзәт Қуанышқызы қарсы алды.
Семинарға Шет, Бұқар-Жырау, Нұра, Осакаров, Ақтоғай, Қарқаралы, Абай аудандарының, сондай-ақ Қарағанды, Саран, Шахтинск, Теміртау, Балқаш, Приозерск қалаларының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері қатысты. Семинардың мақсаты: педагогтармен тәжірибе алмасу, тәрбие мен өзекті негіздерді жетілдіруге бағыттау; мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау процесінде тілге, дәстүрлерге, рухани мәдениетке назар аудару.
Семинар барлық қатысушылардың мақсаттарына және жетістіктерге жеткізу мотивациясын арттыруға бағытталған психологиялық көңіл-күймен басталды. Одан кейін презентация барысында қазақстандық мәдениеттің құндылықтарына негізделген үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырудың негізгі аспектілері ашылды.
Жас педагогтерге түрлі ұлттық ойындардың түрлері ұсынылды: қозғалыс ойындары, логикалық, интеллектуалды, робототехника элементтерімен, шығармашылық ойындар: «Бес кеней», «Кім жылдам?», «Зерек», «Бесатар», «Үш асық», «Қалашық», «Шертпе», «Бестемше», «Арқан тартыс», «Бау байлау», «Сиқырлы кілемше», «Домбыралы киіз үйдің тапсырмалары», «Сиқырлы киіз үй», «Секірмек», «Шыр», «Оқтау тартыс», «Бала мерген», «Бір алаң – бес ойын», «Мергендер», «Тас қала», «Сиқырлы сандық», «Ләңгі» және т.б.
Семинар барысында қатысушылар жаңа ойындармен танысып, ойындарға және ойын жаттығуларына белсене қатысты. Семинар барысында жас педагогтер ұлттық ойындарды қолданудың артықшылығы туралы түсінік қалыптастырды – балаларды халық дәстүрлеріне баулу, ерік-жігерді, адамгершілік сезімдерін, патриотизмді тәрбиелеу, мәдени мұраға құрмет көрсету, ұлттық ойындарға деген танымдық қызығушылықты дамыту, зейін, қиял, логикалық ойлау, байқағыштықты жетілдіру.
"Қазақ ою-өрнегін қимыл арқылы көрсет» атты кері байланыс кезінде қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті, және іс-шара жағымды нотада өтті.
Осылайша, біз шеберлік сыныбы барысында жас мамандар көп нәрсені үйреніп, бұл тәжірибе олардың алдағы жұмысында көмектесетініне сенеміз. Жас педагогтер алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады және жаңа технологияларды педагогикалық қызметке еңгізе алады. Кездесу жылы, достық атмосферада өтіп, пайдалы ақпарат пен жағымды энергияға толы болды. Сонымен қатар, бұл басқа өңірлерден келген жас әріптестермен қарым-қатынас жасауға, жұмыстағы қызықты сәттерді талқылауға және жаңа идеялармен бөлісуге тамаша мүмкіндік болды. Семинардың барлық спикерлері жас педагогтермен тәжірибені жинақтау бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.





umc-ro@umckrg.gov.kz





