«Калейдоскоп: кітапханалық идеялар» облыстық семинары
06-11-2024 16:01
«Калейдоскоп: кітапханалық идеялар» облыстық семинары

      2024 жылғы 6 қарашадаҚарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы  шеңберінде «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру мақсатында, «Калейдоскоп: кітапханалық идеялар» тақырыбында облыстық семинарын  өткізді.

 Семинар қатысушыларына «Мектеп кітапханаларының жұмысы туралы» бейнеролик, «Балалар жұмыстары», «Оқуға арналған ұсынымдар түрлері», «Отбасылық оқу кітапханасы», «Кітапхана жобалары», «Теміртау қаласының ақындарымен кездесулерге шолу», «Кітапхана- оқу үдерісіне көмектесу құралы», «Қаладағы балалар кітапханаларымен өзара байланыс», «Кітапхана сабақтары», «Цифрлық кітапхана» көрме – калейдоскоптарын ұсынып, Теміртау мектеп кітапханашылары іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында: «Кітаппен серуен» квесті, «Мамандығы – құрылысшы» көркем мәтінімен кешенді жұмыс, «Цифрлық дәуірдегі кітапхана» шеберлік сабақтары, «1-6 сыныптарда кітапханалық - библиографиялық сабақтарды өткізуге арналған рөлдік ойындар мен практикалық тапсырмалар» идеяларына шолу жасалып, «Менің атым Қожа» (Б.Соқпақбаев) сайысы, «Библионочь» отбасылық кітапханалық іс-шарасы өткізілді.

Семинарға қатысушылар семинарды ұйымдастырушыларға оқушылардың оқырмандық сауаттылығын арттыру бойынша тәжірибе алмасқаны үшін ризашылықтарын білдірді.