"Орыс тілі мен әдебиет сабақтарында АКТ технологиясын қолдану" тақырыбында семинар өткізді
Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мен Мұғалімдер қауымдастығы 2024 жылдың 1 қараша айында жас педагогтарға "Орыс тілі мен әдебиет сабақтарында АКТ технологиясын қолдану" тақырыбында семинар өткізді. С. М. Цемох,"Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ" КММ орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Қарағанды облысының орыс тілі мен әдебиет қауымдастығының төрағасы: "Тілдік оқытудағы АКТ: теориядан практикаға" тақырыбында сөз сөйледі.
Горячева Елена Владимировна, Абай қаласындағы "Қ. Сәтбаев атындағы қосымша білім беру мектеп-орталығы" КММ орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі "Орыс тілі мен әдебиет сабақтарындағы АКТ технологиясы" тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарға қатысқан жас педагогтар орыс тілі мен әдебиет сабақтарында АКТ технологияларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды қолдану бойынша көптеген кеңестер алды. Мұғалімдердің қамтылуы: 100 адам.





umc-ro@umckrg.gov.kz




