Қарағанды облысының арнайы білім беру ұйымдарының экологиялық білім беру жөніндегі ресурстық орталығының отырысы
07-11-2024 18:09
Қарағанды облысының арнайы білім беру ұйымдарының экологиялық білім беру жөніндегі ресурстық орталығының отырысы

      2024 жылдың 7 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының арнайы мектеп- интернаттарының экологиялық білім беру жөніндегі ресурстық орталығының отырысын өткізді.

Отырыс барысында арнайы мектеп - интернаттарының экология бағытындағы жетекшілері бірінші тоқсанда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шаралармен таныстырып, іс- тәжірибелерімен бөлісті.

Арнайы білім беру ұйымдарының экологиялық білім беру жөніндегі ресурстық орталығының координаторы Усольцева Ольга Владимировна, бірінші тоқсанда өткізілген іс-шаралардың есебімен таныстырып, экологиялық іс-шараларды өткізу түрлері мен әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктеріне аса назар аударды.