ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ «ЖАС ЗАҢГЕР»
14-11-2024 15:24
ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ «ЖАС ЗАҢГЕР»

   Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 14 қарашада «Жас заңгер» жобасын іске асыру аясында Осакаров ауданының №12 тірек мектебі (РО) базасында ZOOM платформасында онлайн форматта оқушылармен жұмыс жүргізу бойынша нетворкинг ұйымдастырды. Нетворкинг-практикум барысында «Жас заңгер» жобасын жүзеге асыру кезінде оқушыларға болашақ мамандықты таңдауда ерте кәсіби бағдар беруді көздейтін іскерлік ойындар мен іс-шаралар сценарийлері ұсынылды. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылық апталығы аясында «Баланың құқықтарын қорға» іскерлік ойынын өткізудің ерекшеліктері талқыланды. Нетворкинг-практикум әріптестер арасында лайықты қызығушылық тудырып, оң пікірлерге ие болды.