«ТАРИХ СЕРПІНІ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ НЕТВОРКИНГ
14-11-2024 18:23
«ТАРИХ СЕРПІНІ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ НЕТВОРКИНГ

  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 14 қарашада ZOOM платформасында тарих мұғалімдеріне арналған «Тарих серпіні» жобасын іске асыру шеңберінде онлайн режимде нетворкинг өткізді.

  Тарих пәнінің мұғалімдері Уалиева Роза Кизатовна, Шахтинск қаласы «С.Сейфуллин атындағы мектеп - гимназия» КММ, Байназарова Есенгул Тойлыбаевна, Приозерск қаласының «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ жұмыс тәжірибесін қорытындылады. Нетворкинг қатысушыларына «Қазақ» апталық газеті өкілдерінің идеологиялық құндылықтары» тақырыбы бойынша 11-сыныптарда Қазақстан тарихын оқытудың әдістемелік тәсілдері ұсынылды.  

«XV ғасырдың аяғы – XVI ғасырдың басындағы қазақ хандығы тарихындағы дамуға реформатор билеушісі Қасым ханның әсері қандай» тақырыбын зерделеу кезінде формативті бағалауды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Дескриптор балаларға сабақ тақырыбындағы қиындықтарды анықтауға көмектеседі және кері байланысқа ықпал етеді.

Барлығы 100 мұғалім қамтылды.