Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дене тәрбиесі педагогтеріне арналған «Дене тәрбиесін оқытудағы заманауи тәсілдер» атты облыстық семинары
13-11-2024 11:33
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  ұйымдарының дене тәрбиесі педагогтеріне арналған   «Дене тәрбиесін оқытудағы заманауи тәсілдер»  атты облыстық семинары

        2024 жылдың 13 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  ұйымдарының дене тәрбиесі педагогтеріне арналған  «Дене тәрбиесін оқытудағы заманауи тәсілдер» атты облыстық семинарын өткізді.

        «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшысының орынбасары Нартова Т. Г. алғы сөз сөйлеп, педагогтерді аттестаттау талаптарының бірі семинарларда, конференцияларда, форумдарда сөз сөйлеу және педагогикалық тәжірибені ұсыну жалпыадамзаттық дамудың заманауи үрдістеріне, кәсіби мүдделеріне сәйкес келуі тиіс екенін атап өтті.

        Семинарда «Дене тәрбиесі сабақтарында денсаулық сақтау технологиялары арқылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының құндылықтары негізінде оқушының үйлесімді дамыған жеке тұлғасын қалыптастыру» тақырыбымен «Қарағанды тау-кен индустриалды колледжі» КМҚК дене тәрбиесі оқытушысыЖайтуғанов Р.М.,   «Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасы аясында сайыстар және спорттық-бұқаралық қызметтегі заманауи тәсілдер арқылы студенттердің салауатты өмір салтына деген ынтасын қалыптастыру» тақырыбымен «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК дене тәрбиесі пәнінің оқытушысыПлисс С. В., «Студенттердің дене шынықтыруға деген мотивациялық-құндылық бағдарларын қалыптастыру» тақырыбымен «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК дене тәрбиесі оқытушысы Николаева С.Г., «Дене шынықтыру сабағында заманауи фитнес-технологияны қолдану» тақырыбымен «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖМ дене шынықтыру оқытушысыЛозин И. Г.спикер ретінде қатысып, ТжКОБ ұйымдарының білім алушыларына дене тәрбиесінің заманауи тәсілдері мен тәжірибелерімен бөлісті.

        Сонымен қоса, «Дені саудың - жаңа сау» авторлық бағдарламасы негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен және денсаулық жағдайы бойынша арнайы медициналық топқа жатқызылған оқушылармен жүргізілетін практикалық сабақтар бойынша  «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК дене тәрбиесі оқытушысы Асланиди Г.В. тәжірибесін таратты.

      Семинарға облыс колледждерінің 45 дене тәрбиесі оқытушылары қатысты.