2015-2020 ж.ж. ББҰ даму бағдарламасын әзірлеу бойынша оқыту семинары өткізілді.
30-10-2014 10:59
2015-2020 ж.ж. ББҰ даму бағдарламасын әзірлеу бойынша оқыту семинары өткізілді.

           2014-жылдың 27 – қазан күніҚарағанды облысы ББД ОӘО қабырғасында арнайы (коррекциялық) мектеп-интернаттардың педагогтарынан құрылған шығармашылық топтарға арналған 2015-2020 ж.ж. ББҰ даму бағдарламасын әзірлеу бойынша оқыту семинары өткізілді. Оқыту семинарының бағдарламасы және даму бағдарламасын әзірлеудің алгоритмі бойынша негізгі құрамдас бөліктері – талдау негіздеме; нақты мақсаттар мен міндеттер қою; белгіленген мерзімде мақсатқа жету құралдарын таңдау; іс-әрекеттерді жоспарлау және олардың ретін анықтау; жауапты атқарушылар және күтілетін нәтижелер қарастырылды. Барлығы 29 педагог қатысты. Модератор: ҚББжҰТИД бөлімінің меңгерушісі Арман Жанабаевна Баграмова.