2024 жылдың 19 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен Теміртау жоғары политехникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы химия пәнінен облыстық олимпиада өтті.
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Т.М. Баймағанбетова құттықтау сөз сөйлеп, білім алудың маңыздылығы мен білімге деген ұмтылыстың артықшылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қоса, іс шараның ашылуында Теміртау жоғары политехникалық колледжі директорының м.а. А.Р. Өмірбаев «Химия – бүгін мен болашақ туралы ғылым» тақырыбында сөз сөйлеп, қатысушыларға сайыста табыс тіледі.
ОлимпиадағаҚарағанды облысы колледждерінің 36 студенті қатысты.
Іс-шара барысында студенттер мен олардың жетекшілері шеберлік сабақтарына, интерактивті сессияға қатысып, өз білімдерін көрсетіп, түрлі есептер шығара отырып, оларды практикалық дағдылармен нығайта түсті.
Олимпиаданың І туры онлайн форматта тестілеу түрінде өтті. ІІ турға 20 студент өтті. ІІІ турда 20 қатысушыдан 6 студент қалды.
Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы сыни тұрғыдан бағалады. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
1 орын- Лавринюк Андрей Сергеевич, «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖМ студенті, жетекшісі Щеглова Наталья Валерьевна;
2 орын- Муханова Аида Жамантаевна, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖМ студенті, жетекшісі Отыншин Тоимбек;
3 орын -Дәненов Даниял Ерланұлы,«Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі» ЖМ студенті, жетекшісі Майсатов Санжар.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды. Сондай-ақ жеңімпаздарға Теміртау жоғары политехникалық колледжінің жүлделері табысталды.