«Дәстүрден-инновацияға» тақырыбында биология, химия пәндерінің мұғалімдері педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті
21-11-2024 17:22
«Дәстүрден-инновацияға» тақырыбында биология, химия пәндерінің мұғалімдері педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 21 қараша күні биология, химия пәнінің мұғалімдері «Дәстүрден-инновацияға» тақырыбында педагогикалық тәжірибені таратуда іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Әр педагог білім беру саласында оқушылардың биология, химия пәндерінен білім сапасын арттыруда атқарып жатқан 3-4 жылғы жұмыстарының қорытындысымен, жетістіктерімен бөлісті:

Касымбекова Арайлым Исановна, биология және химия пәндерінің мұғалімі Нұра ауданы, «Кәрім Мыңбаев атындағы ЖББМ» КММ («Шағын жинақы мектептерде химия-биология пәндерін оқытуда цифрлық ресурстардың тиімділігі»);

Мырзаханова Бибигуль Хамитовна, биология пәнінің мұғалімі Нұра ауданы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектеп(РО)» КММ («Биология сабақтарында зерттеу әдістері: табыс кілті»).