САБАҚТАРДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАПСЫРМАЛАР НЕГІЗІНДЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША НЕТВОРКИНГ
25-11-2024 18:26
САБАҚТАРДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАПСЫРМАЛАР НЕГІЗІНДЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША НЕТВОРКИНГ

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 25 қарашада «Оқулықтардың тапсырмалары негізінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту» бойынша Қарағанды облысының география мұғалімдеріне арнап нетворкинг өткізді.

Мақсаты: оқулықтардың тапсырмалары негізінде білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмаларды құрастыру кезінде педагогтарға әдістемелік көмек көрсету.

Нетворкинг барысында Шет ауданының жетекші география мұғалімдері Амирова Арайлым Айдосқызы, «Еркіндік жалпы білім беретін мектебі» КММ және Мусина Ләззат Сағынайқызы, «Дарья жалпы білім беретін мектебі» КММ жаратылыстану-ғылыми сауаттылыққа бағытталған білім алушылармен жұмыстың тиімді түрлерін көрсетті. Педагогтар география 9-сынып «Алматыкітап» баспасы оқулығы бойынша жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды шешу жолдарын көрсетті.

Қамту 100 адамды құрады.