«МЕКТЕПТЕРГЕ АРНАЛҒАН PISA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ
25-11-2024 19:49
«МЕКТЕПТЕРГЕ АРНАЛҒАН PISA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ

   Қарағанды облысында 2024 жылғы 18 қарашадан бастап «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуі жүргізілуде. «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуіне Қарағанды облысының 55 білім беру ұйымы кірді. Зерттеугетестілеу уақытында 15 жас 3 ай - 16 жас 2 ай аралығындағы білім алушылар қатысады. 

    PISA жобасының оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау басыңқылығы үш бағыт бойынша жүреді. Олар оқу біліктілігі, математика және жаратылыстану ғылымдарындағы біліктілік. PISA зерттеуінде ойлау, дәйектеу, мәселе (сұрақ) қоя білу және шеше білу, модельдеу, нәтижелерді ұсынудың түрлі әдістерін пайдалану секілді қабілеттер бағаланады. Осылайша, халықаралық емтиханға қатысушылардың оқу біліктілігі әрекеттің үш оқу-танымдық түрі бойынша анықталады. Олар жаңарту, қолдану және пайдалану.

   Зерттеуге мектептер мен білім алушыларды іріктеу білім беру ұйымдарының жалпы санынан және 15 жастағы білім алушылардан кездейсоқ іріктеу әдісімен жүргізіледі.