2024 жылдың 22 қарашасында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен «Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі» КМҚК базасында Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашлығына арналған студенттер арасындағы «Қазақ сахарасының қоңырауы» атты облыстық байқауы өтті.
«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері Баймаганбетова Т.М. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы және Ыбырай шығармаларындағы рухани құндылықтар» тақырыбында сөз сөйлеп, іс-шараны ашты.
«Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі» КМҚК директорының міндетін атқарушыШидербеков Д.А. «Ұлы даланың дара ұстазы» тақырыбымен сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«А.Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Баймолдина А.С. «Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің рухани және ұлттық маңызы» тақырыбымен сөз алып, рухани құндылықтардың маңызына тоқталды.
«Теміртау индустриалды – технологиялық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарыКанафина М.К.,«Ы. Алтынсарин әңгімелері - тәрбиенің алтын діңгегі» тақырыбымен ой бөлісіп,жастарға тәрбиелік іс-шараларға қатысудағы белсенділіктің артықшылығы туралы айтты.
Байқау 2 бағытта жұмыс жасады:
1 номинация: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - Ыбырай Алтынсариннің бес өлеңін мәнерлеп жатқа оқу;
- номинация:«Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған» - театралдық қойылым (Ы.Алтынсариннің бір әңгімесін сахналау).
Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»номинациясы бойынша:
Техникалық бағытта:
І орын- Қыдырбай Ақнұр Жеңісқызы, «Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі» ЖММ студенті;
ІІ орын- Тулеуова Аяулым Маратовна, «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КММстуденті;
ІІІ орын- Аделхан Арман, «Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі» КМҚК студенті;
ІІІ орын- Мажитов Азамат, «Ж.Қ.Букенов атындағы Қарағанды Банк колледжі» ЖММ студенті;
Гуманитарлық бағытта:
І орын- Мажит Бекжан, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ студенті;
ІІ орын- Ошақ Дәуіт Сәкенұлы, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК студенті;
ІІІ орын- Ашенова Гүлім Абылайқызы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжіКМҚК» студенті;
ІІІ орын-Мақыжан Алданыш,«Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті;
«Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған»номинациясы бойынша:
Техникалық бағытта:
І орын- «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі ЖММ;
ІІ орын- «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;
ІІ орын - «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК;
ІІІ орын - «Саран техникалық колледжі» КМҚК;
Гуманитарлық бағытта:
І орын- «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ;
ІІ орын- «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК;
ІІІ орын - «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КММ;
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломымен, барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды,
Байқауға Қарағанды облысының 32 колледжінен 34 педагог және 102 студент қатысты.