27.11.2024 жылғы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының «Мен бақытты баламын» облыстық жобасы аясында Абай ауданы Топар кентіндегі «Ақерке» бөбекжайы базасында «Жанға жайлы көңіл күйдің әртүрлілігі мен өзара баланысы: баланың физикалық, әлеуметтік, эмоционалдық дамуы» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырды. Семинарда Абай ауданының «Ақерке», «Балдәурен», «Ақбота» бөбекжайлары өз жұмыс тәжірибелерін ұсынды.
Педагогтарға педагогикалық шеберханаларға арналған квест, Тимбилдинг ойын элементтері, тренингтер, шебер-сынып, іскерлік ойындары ұсынылды. «Қатынас кемпірқосағы» ойыны арқылы жағымсыз эмоциялардан арылу, эмоциональды интелектісін дамыту арқылы педагогтарға қуанышты көңіл күй сыйлады.
Семинарға облыс бойынша 60-тан астам педагогтар қатысты.