Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін «Тамақтану және сервис индустриясы үшін қазіргі заманғы кәсіптік-техникалық білім берудің үрдістері мен басымдықтары» халықаралық қатысуымен облыстық ғылыми-практикалы
27-11-2024 18:20
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін «Тамақтану және сервис индустриясы үшін қазіргі заманғы кәсіптік-техникалық білім берудің үрдістері мен басымдықтары» халықаралық қатысуымен облыстық ғылыми-практикалы

      2024 жылғы 27 қарашада «Сервис» ОӘБ шеңберінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды тамақтану және сервис колледжімен бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін «Тамақтанужәне сервис индустриясы үшін қазіргі заманғы кәсіптік-техникалық білім берудің тенденциялары мен басымдықтары»халықаралыққатысуымен облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

 Конференцияның мақсаты инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің арнайы пәндер оқытушыларының және өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби және педагогикалық шеберлігін арттыру болып табылады.

Конференцияға«Минскмемлекеттік аспаздық колледжі»ҚБ, «Екатеринбургсауда-экономикалық техникумы»ГАПОУ, «Шахтинсктехнологиялық колледжі»КМҚК, «Балқашсервис колледжі»КМҚК, «МыңжасарАдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжі»КМҚК, «Сарантехникалық колледжі»КМҚКжәне «Қарағандытамақтану және сервис колледжі» КМҚКқатысты.

Конференциябағдарламасына сәйкес тақырыптар бойынша педагогтердің баяндамалары ұсынылды:

1.Демонстрациялықемтихан-аралық және/немесе игерілген кәсіби құзыреттерді көрсету нысаны;

2.Әлеуметтік әріптестік - тамақтану индустриясында кәсіптік білім беруді дамытудың тиімді құралы ретінде білім беруді бизнеспен интеграциялау мәселелері;

3.Типті ұйымдардың академиялық дербестігі. Іске асыру ерекшеліктері, одан әрі перспективалары;

4. Тәлімгерлік, өскелең ұрпаққа кәсіптік білім беру мен тәрбиелеу сапасын арттыру құралы ретінде;

 5.  «Сервис және қызмет көрсету»саласы бойынша халықаралық тағылымдамалар-тараптар ынтымақтастығының бірегей тәжірибесі;

6. Кәсіпкерлік қызметті оқыту перспективалары;

7.  Студенттерді тәжірибеге бағдарланған оқыту кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың негізі ретінде.

Конференция барысында арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері тамақтану индустриясы үшін заманауи кәсіптік-техникалық білім беру кадрларын даярлауда тәжірибе алмасты.

 Сөз сөйлеген педагогтергеконференцияға қатысқаны үшін Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығының сертификаттары табысталды.