Педагогикалық/техникалық/медициналық мамандықтар бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби кадрларды даярлау тәжірибесімен алмасу семинары
27-11-2024 18:30
Педагогикалық/техникалық/медициналық  мамандықтар бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби кадрларды даярлау тәжірибесімен алмасу  семинары

      2024 жылдың 26 қарашасында «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында педагогикалық/техникалық/медициналық мамандықтар бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби кадрларды даярлау тәжірибесімен алмасу  семинары өтті.

Семинардың мақсаты тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және студенттерді даярлау сапасын жақсартудың бірлескен тәсілдерін әзірлеу, әдістемелік өнімдерді әзірлеу болды.

Нысаналы аудитория: Қарағанды облысының колледждеріндегі «Қолданбалы бакалавриат» бағыты бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жауапты тулғалары мен педагогтері.

Отырыс барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығыныңәдіскері Утянова Нуржамал Мурзагалиевна колледждерде қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын іске асыру және әдістемелік қамтамасыз ету сапалы білім беруді қалыптастыруда және жоғары білікті мамандарды даярлауда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

Семинар жұмысы педагогикалық /техникалық /медициналық мамандықтар бойынша секциялық отырыстар форматында өтті

Спикерлер сөз сөйледі:

1 Секция: педагогикалық мамандықтар

- Уатаева Гүлмира Сұлтанмұратқызы, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Шевченко Любовь Григорьевна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледж»і КМҚК директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары «Педагогикалық мамандықтар бойынша қолданбалы бакалавриаттың интеграцияланған, тәжірибеге бағдарланған білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесінен» тақырыбында;

- Муфталова Акку Кусайыновна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Махаметчин Ернар Дулатович, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі» КМҚК-де қолданбалы бакалаврларды даярлау бойынша білім беру процесін ұйымдастыру: теориялық оқыту, өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту» тақырыбында.

Секцияда оқытудың заманауи әдістемелері, педагогтерді кәсіби даярлау мәселелері, оқытудың жаңа әдістемелерін интеграциялау және нәтижелерді бағалау мәселелері, облыстық деңгейдегі оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу талқыланды.

2 Секция: техникалық және технологиялық мамандықтар

- Суйндыкова Айжан Сериковна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, Кузембаева Алия Жаксылыковна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығының болашақ инженерлеріне арналған қолданбалы бакалавриат: артықшылықтары, мәселелері және оларды шешудің мүмкін жолдары» тақырыбында;

- Камарова Айжан Руслановна, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,  «Теміртау жоғары политехникалық колледжінде «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығы бойынша қолданбалы бакалаврларды кәсіби даярлау үрдістері мен перспективаларын іске асыру» тақырыбында;

- Ныгметова Шынар Талаповна, «Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖМ оқу бөлімінің меңгерушісі «Есеп және аудит», «Тағам өндірісінің технологиясы» мамандықтары бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын іске асыру тәжірибесінен» тақырыбында.

Спикерлер оқытудың дуалды нысанын енгізуге, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылға және еңбек нарығының талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын өзектендіруге, облыстық деңгейдегі оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге баса назар аударды. Сондай-ақ, инженерлік саладағы өзекті технологиялар мен үрдістер, өндірісті цифрландыру мәселелері талқыланды.

3 Секция: медициналық мамандықтар

- Блялова Алия Армияновна, «Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі» ЖМ директоры, «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавриаты бағдарламасы бойынша оқу процесінде тәжірибеге бағдарланған тәсіл («Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі» ЖМ жұмыс тәжірибесінен)» тақырыбында;

- Жарылкасынова Айгуль Маратжановна, «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК «Қолданбалы бакалавриат» бөлімінің меңгерушісі «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК мейіргер ісінің қолданбалы бакалавратының дамуы. Бүгіні. Ертеңі» тақырыбында.

Осы секцияның жұмысында талқыланған негізгі мәселелердің бірі - оқытудың практикалық бөлігіне назар аудару қажеттілігі. Қатысушылар студенттерге мамандыққа дайындықты барынша арттыру үшін оқу кезеңінде пациенттермен нақты тәжірибе алу өте маңызды екенін атап өтті.

Семинар қорытындысында қатысушылар мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін осындай іс-шаралардың жоғары маңыздылығын, Қарағанды облысының колледждерінде қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын дамыту және іске асыру бойынша қаралған мәселелердің өзектілігін атап өтті.

Семинар қорытындысы шығарылып, ұсыныстар беріліп, ұсынымдар енгізілді.