2024 жылғы 29 қарашада Қарағанды облысында жүйелік әкімшілерге, инженерлерге және компьютерлік технологиялар саласындағы зертханашыларға «IT сарапшы» жобасы аясында ұйымдастырылған «Жергілікті желілерсарапшысы» облыстық байқауының екінші кезеңі басталды.
Байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша екінші кезеңге 15 қатысушы өтті. Байқау жүйелік әкімшілердің, инженерлердің және компьютерлік технологиялар саласындағы зертханашылардың практикалық дағдыларын жетілдіру, теориялық білім деңгейлерін арттыру мақсатында бағытталған.
Байқаудың екінші кезеңінің жеңімпаздары 2024 жылдың желтоқсанында жарияланады.
«Жергілікті желілер сарапшысы» конкурсы жыл сайын өткізіліп тұрады және өңір мамандары арасында өте танымал. Бұл қатысушыларға өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.