2024 жылғы 29 қарашада инженерлік сала бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтері арасында республикалық кәсіптік шеберлік конкурсы басталды. Конкурс машина жасау саласындағы үздік мамандарды анықтауға, олардың кәсіби өсуін қолдауға және білім беру процесіне озық әдістемелерді енгізуге бағытталған.
Бүгін онлайн форматта қатысушылар мамандығы бойынша кешенді тестілеуден өтті, бұл олардың теориялық білімі мен мамандықтың негізгі аспектілерін түсінуін бағалайды. Бұл таңдалған мамандықтың негіздеріне дайындық пен шеберлік деңгейін көрсетудің маңызды қадамы.
Конкурсқа мамандықтар бойынша даярлау бағыттарын ұсынатын 10 өңірлік кезеңнің жеңімпаздары - арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері қатысуда:
- 07150100 «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)»;
-07150300 «Токарлық іс (түрлері бойынша)»;
- 07151100 «Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету (өнеркәсіп салалары бойынша)».
Алдағы кезеңдер 5-6 желтоқсанда Қарағанды машина жасау колледжінің базасында өтеді. Олар практикалық тапсырмаларды орындауды және білім беру қызметіндегі инновациялық тәсілдерді таныстыруды қамтиды. Конкурс тәжірибе алмасу және инженерлік сала педагогтері арасында жаңа көшбасшыларды анықтау алаңына айналады.