«Студент жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру және девиантты мінез - құлықтың алдын алу» тақырыбындағы IV ғылыми-практикалық конференциясы
29-11-2024 12:13
«Студент жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру және  девиантты мінез - құлықтың алдын алу» тақырыбындағы  IV ғылыми-практикалық конференциясы

      2024 жылдың 29 қарашасында «Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында  «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен «Қарағанды тау-кен индустриалдық  колледжі»  КМҚК базасында Құқықтық мәдениетті арттыру және девиантты мінез-құлықтың алдын алу жүйесін құру жолдарымен тәжірибе алмасу мақсатында «Студент жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру және девиантты мінез - құлықтың алдын алу» тақырыбындағы IV ғылыми-практикалық конференциясы  өтті.

«Қарағанды тау - кен индустриалдық  колледжі» КМҚК директоры Абденов Н.А. «Студент жастардың құқықтық мәдениеті азаматтық-патриоттық тәрбиенің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады» тақырыбында сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Конференцияның пленарлық отырысында Қарағанды облысының ПД ЖПҚБ ЮПТ ерекше тапсырмалары бойынша аға инспекторы, полиция подполковнигі Омарова Асель Бахытжановна, Қарағанды қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, «Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ заң бөлімінің басшысыМакеева Оксана Яковлевна «Жастар ортасындағы буллинг пен қатыгездік» тақырыбында сөз сөйледі.

Конференция секциялар бойынша үш  бағытта өтті:

  • «Білім беру ортасында психоактивті заттарды теріс пайдаланудың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру»;
  • «Жастар ортасындағы буллинг кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы мінез-құлқының алғышарты және оның алдын алу»;
  • Әділеттілік - принцип ретінде, жауапкершілік - негіз ретінде, прогресс - мақсат ретінде» - «Біртұтас тәрбие».

Конференцияда педагогтар құқықтық мәдениетті арттыру және девиантты мінез-құлық профилактикасы жүйесін құру, тәуекел тобымен және девианттармен жұмыс істеу, алдын алу жұмыстарын жүргізудегі жаңа әдістер және технологиялармен тәжірибе алмасты. Студенттер мен педагогтар жастар арасындағы буллинг, кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы мінез-құлқы және оның алдын алу, студенттер арасында психобелсенді заттарды теріс пайдаланудың алдын алу бойынша колледжде жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізгі аспектілері арқылы тұлғаны тәрбиелеу мен қалыптастырудың бірлігі туралы зерттеу жұмыстарын ұсынды.

КонференцияғаҚарағанды облысының 15 колледжінен 13 студент және 14 педагог қатысты.