Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 27 қараша күні химия пәнінің мұғалімдеріне 9 сыныпқа арналған оқулықтағы функционалды сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар бойынша шеберлік сыныптар өткізілді.
Шебер сынып барысында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Губарева Светлана Викторовна, химия пәнінің мұғалімі Нұра ауданы «А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебі» КММ (§4 Диссоциациялану дәрежесі, күшті және әлсіз электролитер; (18 бет 5 тапсырма); §5 Электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидалары (21 бет №3, 4, 5, 6);
Каримолдина Гульсым Елубаевна, химия пәнінің мұғалімі Нұра ауданы «Р.Асубаев атындағы ЖББМ» КММ (§6 Ион алмасу реакциялары (26 бет №8);§7 Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан негіздердің химиялық қасиеттері (28 бет №6);§9 Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан тұздардың химиялық қасиеттері (36 бет №6);