Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұмымдарының 1-2 курс студенттері арасындағы «Қазақстан тәуелсіздігі: еркіндік пен бірліктің символы» тақырыбындағы «Егемен Қазақстан тарихы» облыстық олимпиадасы
27-11-2024 13:12
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұмымдарының 1-2 курс студенттері арасындағы «Қазақстан тәуелсіздігі: еркіндік пен бірліктің символы» тақырыбындағы «Егемен Қазақстан тарихы» облыстық олимпиадасы

      2024 жылдың 27 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығыныңбасшылығымен Қарағанды техника - құрылыс колледжінде 1-2 курс студенттері арасындағы «Қазақстан тәуелсіздігі: еркіндік пен бірліктің символы» тақырыбындағы «Егемен Қазақстан тарихы» облыстық олимпиадасыөтті.

Мақсаты:ұлттық сана мен бірлікті көрсететін қазақстандық патриотизмнің озық үлгісін жас ұрпақ бойында қалыптастыру, колледж студенттеріне олимпиадаға дайындық процесінде Отанымыздың тарихи дамуы мен мәдени мұрасын зерделеу арқылы туған елге, жерге, жалпы әлемге деген сүйіспеншілікті ояту, сондай-ақ олимпиадаға дайындық барысында өңірдегі ТжКОБ ұйымдарының ішінен Қазақстан тарихы бойынша ең үздік білім алушыларды анықтау.

Байқауға Қарағанды облысының 29 колледжінен 49 студент қатысты.

Олимпиаданың  ашылу салтанатында Қарағанды  облысында білім  беруді  дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік  білім беру бөлімінің  әдіскері Баймағанбетова Турсын Мукановна, Қарағанды техника - құрылыс колледжінің директоры Сапарова Асель Сагинбаевна сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Олимпиада барысында педагогтарға арналған интерактивті сессия өткізіліп, облыс колледждерінің тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушылары жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

         Байқау  екі кезеңнен тұрды. Олимпиаданың I іріктеу кезеңі тестілеу түрінде болды. Тестілеу нәтижелері бойынша 15 балдан жоғары жинаған 17 студент  қазылар алқасының шешімімен екінші кезеңге өтті. Олимпиаданың II қорытынды кезеңі жазбаша эссе түрінде өткізілді.

 Байқау қорытындысы бойынша екі бағытта жеңімпаздар анықталды.

          Қазақ бөлімі бойынша:

         1 орынСагиева Акниет Жолдыбаевна,«Қарағанды техникалық университеті жанындағы инновациялық технологиялар колледжі» АЕҚ студенті, жетекшісі Несипов Рахат Рысбекович;

         2 орын – Серік  Аяжан Рашидқызы,«Қарағанды жоғары медициналық  интерколледжі» ЖММ студенті, жетекшісі Баидүйсенова Мейрамгуль Куанышовна;

         3 орынБолат Толғанай Ерқанатқызы,«Шетел тілдер колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі Ескараева Дина Альмахановна;

       3 орын –Муханова Аида Жамантаевна, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ студентіжетекшісі, Шайжанова Гулзада Карифуллаевна.

Орыс бөлімі бойынша:

         1 орынКеримова Сабина Салимкызы,«Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі Жанкуатова Айгерим Бекайдаровна;

     2 орынЖанабек Рахметолла Жандарбекұлы,«Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ студенті жетекшісі, Шайжанова Гулзада Карифуллаевна;

    3 орынСелезнев Халид Евгеньевич,«Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Саменова Арман Куанышовна;

Олимпиада  барысында Қарағанды техника - құрылыс колледжінің студенттері өнер көрсетті. Қатысушылар Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының сертификатымен, жеңімпаздар дипломмен марапатталды.