Мектепке дейнгі ұйымдардың «Бестемше»Республикалық жарыс
29 қараша күні Астанада еліміздің 15 облысының өкілдері қатысқан ұлттық үстел ойыны «Бестемше» бойынша республикалық жарыс өтті. Жарыс финалға дейін жеті турдан тұрды, оған дене шынықтыру нұсқаушылары – 43 ер адам мен 48 әйел қатысты.
1-орынды Қарағанды облысының командасы жеңіп алды, ерлер арасында жеңімпаз болып Теміртау қаласының «Самал» бөбекжай-балабақшасынан Сүйеу Тайжібек Сүйеуұлы танылды.
Әйелдер арасында 4-орынды Теміртау қаласының «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасынан Қали Перизат Сағадибекқызы, ал 6-орынды Омар Сая Ер-Тарғынқызы иеленіп, үздік ондыққа енді.
Республикалық деңгейдегі кезекті жеңісімен ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!