2024 жылдың 29 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығыҚазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп «Мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған оқыту семинарын өткізді.
Семинарда барысында Қарағанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық пулының спикері, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің аға оқытушысы Токатов Руслан Алтаевич «Қазақстанның КТИ рейтингі», «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау», «Бала деген қазіргі таңда сіздің жаныңыздағы Мереке» т.б өзекті мәселелерге тоқталды.