Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 4 желтоқсанда әлеуметтік осал отбасылардан шыққан үлгерімі төмен білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында «Цифрлық мұғалім» жобасын іске асыру бойынша Қазақстан тарихы мұғалімдеріне онлайн режимде нетворкинг өткізді. Шет ауданының педагогтары әлеуметтік осал отбасылардан шыққан білім алушылар үшін қосымша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерін ұсынды. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жетістіктерінің мониторингі арқылы үлгерімі төмен білім алушылардың тізімі іріктелді. Жасанды интеллект пен цифрлық ресурстарды қашықтан пайдалана отырып, қосымша сабақтар өткізетін педагогтар тағайындалды және бекітілді. Желі барысында Қарағанды қаласының тарих пәнінің жетекші мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті: Орымбекова Перизат Маратовна «Жарық тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ, Баянова Гульмира Жалгасовна «Мойынты жалпы білім беретін мектебі» КММ, Орынбасарова Наргиза Айдаровна «Жарық тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ функционалдық сауаттылыққа бағытталған білім алушылармен жұмыстың тиімді нысандарын көрсетті.
Қамту 100 адамды құрады.