Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 11 желтоқсан күні химия пәнінің мұғалімдеріне арналған 9 сынып оқулығындағы функционалды сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар бойынша шеберлік сыныптар өткізілді.
Шебер сынып барысында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Ибажанова Баглан Кайыркеновна Ақжал кенті, химия пәнінің мұғалімі Шет ауданы «Ш.Батталова атындағы ТМ» КММ (§23 Металдар құймалары. (93 бет 2,5 тапсырма); §25 1(IA)-топ элементтері және олардың қосылыстары (103 бет 5,7, №3 есеп);
Фром О.А., химия пәнінің мұғалімі «№16 ЖББМ» Саран қаласы (§26 (ІІА)-топ металдары және олардың қосылыстары. Кальций (109 бет 4, №4 есеп); §27 3 (ІІІА)-топ металдары Алюминий және оның қосылыстары (110 бет 5,7);
Филатова Е.С., «№1 мектеп-лицеймектеп-лицейі» Саран қаласы(§28 Галогендер (6 бет1-12); §31. 16 (VIA)-топ элементтері. (18бет №4);