«Медицинаға қадам» медициналық сынып жобасы
12-12-2024 12:01
 «Медицинаға қадам» медициналық сынып жобасы

      Қарағанды облысы білім беруді дамытудың жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 12 желтоқсан күні ZOOM платформасында «Медицинаға қадам» бейінді медициналық сынып жобасының қатысушыларымен кездесу болып өтті.

Кездесуде  облыстық мектеп «Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ биология пәнінің мұғалімі Нұрмашқызы Назерке «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауына қатысып, ІІ жүлделі орынды жеңіп алған, «Телемедицина» бағдарламасымен таныстырды.

Қарағанды қаласы  №86 ЖББМ  ұжымы 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырып, атқарылған іс-шараларымен бөлісті.

Семинарға 80 адам қатысты.