Мектеп кітапханашыларына арналған әдістемелік сағат
2024 жылдың 13 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мектеп кітапханашыларына әдістемелік сағатын өткізді.
Әдістемелік сағат барысында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасындағы «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 2024-2025 оқу жылында өткізілетін іс – шаралар қарастырылып, 2025 жылы атаулы күндерге байланысты мектеп мерейтойлар нақтыланды.
Сонымен қатар мектеп кітапханашыларын «Шығармашыл кітапханашы» байқауына белсене қатысуы туралы айтылды.