Размер шрифта:
МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ ЖАС ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ
12-12-2024 18:24
МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ ЖАС ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен, математика пәні мұғалімдерінің Ассоциациясымен 2024 жылдың 12 желтоқсаны күні математика пәнінің жас  педагогтері үшін семинар-практикум өткізілді.

Семинар-практикум барысында цифрлық технологияларды қолдану,  жобалық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру,  сыни ойлауды қалыптастыру тақырыптары бойынша келесі педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:

Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері;

Пинчук Лариса Григорьевна, Қарағанды облысының математика пәні мұғалімдері Ассоциациясының төрағасы;

Шыныбекова Гульжан Ермековна, Шахтинск қаласы «А. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Иванова Анна Павловна, Қарағанды қаласының «№2 лицей» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Мироненко Татьяна Вячеславовна, Теміртау қаласының «№1 гимназия» КММ математика пәнінің мұғалімі.

Жалпы, семинар математиканы оқытуда заманауи технологиялар мен оқытудың белсенді әдістерін кіріктірудің маңыздылығын атап өтті, бұл оқушылардың қызығушылығын арттыруға және олардың оқу нәтижелерін жақсартуға ықпал етеді.