Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен, математика пәні мұғалімдерінің Ассоциациясымен 2024 жылдың 12 желтоқсаны күні математика пәнінің жас педагогтері үшін семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикум барысында цифрлық технологияларды қолдану, жобалық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, сыни ойлауды қалыптастыру тақырыптары бойынша келесі педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:
Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері;
Пинчук Лариса Григорьевна, Қарағанды облысының математика пәні мұғалімдері Ассоциациясының төрағасы;
Шыныбекова Гульжан Ермековна, Шахтинск қаласы «А. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ математика пәнінің мұғалімі;
Иванова Анна Павловна, Қарағанды қаласының «№2 лицей» КММ математика пәнінің мұғалімі;
Мироненко Татьяна Вячеславовна, Теміртау қаласының «№1 гимназия» КММ математика пәнінің мұғалімі.
Жалпы, семинар математиканы оқытуда заманауи технологиялар мен оқытудың белсенді әдістерін кіріктірудің маңыздылығын атап өтті, бұл оқушылардың қызығушылығын арттыруға және олардың оқу нәтижелерін жақсартуға ықпал етеді.