Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 17 желтоқсанда ZOOM платформасында онлайн режимде география мұғалімдеріне арналған «Geoinfo навигатор» жобасын іске асыру шеңберінде нетворкинг өткізді.
Бұқар Жырау ауданының география пәні мұғалімдері А.К. Кулахметова «А. Байтурсынов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ,
А. М. Құнанбаева «Манжы батыр атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, О. Хусан «Қ. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ өз тәжірибелермен бөлісті. Нетворкинг қатысушыларына география сабағында жасанды интеллектті пайдаланудың әдістемелік тәсілдері»География сабағында цифрлық білім беру ресурстары арқылы жоғары ақпараттық тұлғаны қалыптастыру» ұсынылды. Мұғалімдер интернет-ресурстарды пайдалану арқылы оқушылардың ойлау процесін ұйымдастыруды, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға тапсырмалар көрсетті.
«Картография» тақырыбын зерделеу кезінде формативті бағалауды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды
Дескриптор балаларға сабақ тақырыбындағы қиындықтарды анықтауға көмектеседі және кері байланысқа ықпал етеді.
100 педагог қамтылды.