2024 жылдың 13 желтоқсанында Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің базасында Қарағанды облысының медициналық колледж студенттері арасындағы «103» - өмірді құтқарушы бригадасы» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - студенттердің шұғыл медициналық көмек көрсету саласындағы кәсіби дағдыларын дамыту, төтенше жағдайлар кезінде командалық рухты және өзара іс-қимылды қалыптастыру, медицина қызметкерінің кәсібіне қызығушылықты арттыру.
Облыстық байқауда «Емдеу ісі» мамандығы, «Фельдшер» біліктілігі бойынша Қарағанды облысының медициналық колледждерінің 5 командасы өз білімдерін көрсетті.
Конкурс колледж студенттері арасындағы командалық жарыс түріндегі 3 кезеңнен тұрды.
1 кезең – «МЕН ФЕЛЬДШЕРМІН!»тақырыбы бойынша видеоролик;
2 кезең–Клиникалық пәндер бойынша (жалпы хирургия, педиатрия, фармакология, жұқпалы аурулар, акушерлік және гинекология, терапия, латын тілі, дерматовенерология, отоларингология, офтальмология) Викторина;
3 кезең – «Үйде босану» интеграцияланған ситуациялық мәселесін шешу.
Байқаудың әр кезеңі командаларға өздерін әр қырынан көрсетуге және медициналық салада жұмыс істеуге дайын екендіктерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Қатысушылар медицина саласындағы шығармашылық пен білімдерін көрсетті, бұл олардың мотивациясы мен дайындығын көрсетеді. Байқаудың бұл форматы студенттерге командада жұмыс істеу, қарым-қатынас жасау және түрлі ситуациялық міндеттерді шешу дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын – «Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМҚК командасы;
2 орын– «Қарағанды облыстық жоғары мейіргер колледжі» КМК командасы
3 орын– «Қарағанды медицина университситеті» КеАҚ мейіргерлік білім беру мектебінің командысы.
Жеңімпаздар дипломдармен, қатысушылар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сертификаттарымен марапатталды.